Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ауылдасын ұрып өлтірген күдікті қолға түсті

Меңдіқара ауданының полиция қызметкерлері ауылдасын ұрып өлтірген күдіктіні қолға түсірді , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс Меңдіқара кентінде болған. Полицияға аудан орталығының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің жанынан ер адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қаза тапқан адамның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар екенін анықтады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізілген сот-медициналық сараптамасы алған дене жарақаттарынан зорлық-зомбылықпен өлім фактісін растады.

Осы қылмысты жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті мойындап, ішімдік ішу кезіңде ер адамдар арасында жанжал болғанын айтты. Салдарынан күдікті жәбірленушіге бірнеше соққы жасап, өлтіріп қойған.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру