Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Иордания азаматы ұрлық қылмысының бетін ашқан елорда полицейлеріне алғыс білдірді

Иордания азаматы елорда полицейлерінің қызметіне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астананың Самал шағын ауданында тұратын шетелдік азамат құны 78 мың теңге тұратын, сұр-жасыл түсті TRINX велосипедінің ұрланғаны туралы полицияға арызданған. Шағым бойынша жедел әрекет еткен Сарыарқа ауданының тәртіп сақшылары іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, бейнекамераның көмегімен ұрлық жасады деген күдікпен Астана қаласының 42 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Тергеу барысында күдікті тұрғын үй кіреберісінде тұрған велосипедті қолды еткенін мойындады. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Астана қаласының полиция департаменті жаз мезгілі келгелі, велосипед ұрлығы жиілеп кеткенін еске салады.

Төмендегі ережелер, ұрлықты болдырмауға ықпал етеді:

– велосипед жақтауларын белгілеу (жапсырмаларды орналастыру);

– велосипедтерді кіреберістерде (домофон орнатылған болса да), дүкендердің жанында және қалалық саябақтарда қараусыз қалдырмау;

– сенімді велосипед құлыптарын қолдану.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру