Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды
Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25 шілде күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 37 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы ИЖ Планета мотокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарында 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағы да мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мотокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.