Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар елордалық жасөспірімді ұстады

Кәмелеттік жасқа толмаған астаналық бозбала велосипедтері мен телефондарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, құны 350 мың теңге тұратын IPhone телефонын ұрлатып алғанын хабарлаған.

Осыған ұқсас Есіл аудандық полиция басқармасында футбол алаңдарынан ұялы телефон ұрлаудың бес дерегі тіркелген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында балалармен ойын алаңдарында танысқан жасөспірімнің ұрлық жасағаны анықталды. Ол балалар футбол ойнауға айналғанда, қараусыз қалған гаджеттерді үнсіз алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының тәртіп сақшылары аталған жасөспірімнің жеке басын және тұрған жерін анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық іске қатысы бар кәмелетке толмаған жеткіншектің Алматы ауданы аумағында үш рет велосипед пен Iрhone 11 телефонын ұрлауға да қатыстылығы бар екенДІГі белгілі болды. Жасөспірім ұрланған мүлкін көшеде кездескен кездейсоқ адамдарға арзан бағаға сатып жіберген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған азамат кінәсін мойындады, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Жеке мүліктеріңізді қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдағаныңыз абзал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру