Алматылық ҚАЖД-да эпидемиалогиялық жұмыстың қорытындысы талқыланды
Алматы қаласындағы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері бірінші жартыжылдығындағы бірлескен жұмыстардың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы алты айда атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен ЖИТС орталығының эпидемиологы Б.Табинова таныстырды.
Аталған жиында қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясының төмендеу тенденциясын атап өтті.
Эпидемиолог дәрігер 2022 жылмен салыстырғанда аталған ауру деңгейінің төмендеуіне тестілеу жұмысының да оң ықпал еткенін тілге тиек етті.
– Арнайы контингенттің арасында аурудың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің де нәтижесі мол. Атап айтқанда, дәрігерлер қызметкерлер мен сотталғандарға вирустың таралу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы дәріс оқиды, ақпараттық және оқу материалдарын таратамыз, – дейді ҚАЖД №11 мекемесінің санитарлық-эпидемиалогиялық қадағалау тобының маманы С.Таласбаев.
Жартыжылдық жұмысты қорытындылау кеңесіне қатысқандар АИТВ-ға тестілеуді және сотталғандарды босату алдында бақылауды күшейту қажеттігін хабарлады. Сондай-ақ ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Әлімбекова туберкулездің химиопрофилактикасы және АИТВ жұқтырған адамдардың антиретровирустық терапияға бейілділігін арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.