ҚР ІІМ Алматы академиясы жоғары оқу орындарынан кейінгі білім алуға келген үміткерлерді қабылдады
ҚР ІІМ Алматы академиясы жоғары оқу орындарынан кейінгі білім алуға келген үміткерлерді қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгіннен бастап жоғары оқу орындарынан кейінгі магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кандидаттарды таңдау процесі басталды.
Келген кандидаттардың құқық қорғау саласында тәжірибелері бар. Жаңа деңгейге аяқ басу арқылы олар ішкі істер органдарында қызмет атқару үшін өздерінің кәсіби біліктіліктері мен мансаптық мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіре алады.
Таңдау процедурасы конкурс негізінде өтеді. Еліміздің қалалары мен облыстардан 80 шақты кандидат оқуға талап білдіріп келді. Оолардың тек 35-і ғана магистратура мен докторантураға оқуға түседі.
Оқуға түсу үшін кандидаттар тиісті емтихандарды тапсырады, эссе жазады, сауалнама мен әңгімелесуден өтеді. Бұл өз кезегінде олардың моральдық, этикалық жақтарын ашады.
Магистратурадағы білім қазіргі заманның кез келген сын-қатерлерге төтеп беретін тиімді әрі құзырлы полиция құруға көмектеседі.