Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында «Қорғау» сигналдық кешені жұмыс істейді

Өскемен – Семей тасжолында жануарларды қағып кетумен байланысты апаттарды алдын-алу үшін «Қорғау» сигналдық кешені жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО аумағында жануарларды қағып кетумен байланысты жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Өскемен – Семей тасжолында (Өскемен – Семей республикалық маңызы бар автожолының 101-шақырымы) «Қорғау» автономды жарық сигналдық кешені эксперименталды түрде жұмыс істейді.

Кешеннің жұмыс принципі автожолдардың қауіпті учаскелері бойында жануарларды анықтайтын радиотолқынды аймақтарды (желілерді) құруға, жолдың қауіпті учаскесінде орнатылған жарықдиодты жол белгілері мен сигналдарын алдын ала автоматты түрде қосуға негізделген. Осылайша екі бағытта қозғалатын жүргізушілер жеңіл ескерту сигналдарын ала алады.

Бұл кешеннің артықшылығы – оның автономдығы (күн энергиясымен жұмыс істейді) және ақпараттылығы болып саналады.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында осындай кешендерді одан әрі енгізу жұмыстары жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру