Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейі Президенттік көпсайыстан чемпионатта жеңіске жетті

Павлодарлық полицей Президенттік көпсайыстан чемпионатта жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында “Динамо” ФСО және Қазақстан Республикасы ІІМ ведомствоаралық спартакиадасының Президенттік көпсайыс чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 40 жастан жоғары жас санаты бойынша Президенттік көпсайыста Павлодар облысы ПД арнайы жылдам қимылдайтын жасақ қызметкері Қуаныш Шұғайыпов үздік атанды.

– Қылмыспен тиімді күресу, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін полицейлерге спортпен шұғылдану қажет, өйткені спорт полиция жұмысында өте қажет, мақсатқа ұмтылу мен төзімділік, күш пен ептілік, өз мүмкіндіктерін сауатты бағалау қабілеті сияқты қасиеттерді дамытады, – дейді чемпион.

Айта кету керек, 2022 жылы да осы көпсайыста Қуаныш үздік атанды. Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру