Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны дүкеннен темекі, ішімдік және ақша ұрлаған

ШҚО тұрғыны дүкеннен темекі, шоколад, ішімдік және ақша ұрлаған. Күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое аудандық полиция бөліміне азық-түлік дүкенінің жұмысшысы өтінішпен жүгінген. Ол белгісіз адамдар темір торды бұзып, дүкенге кіріп, кассадан 200 мың теңге ұрлағанын хабарлаған. Қолма-қол ақшадан басқа 13 блок темекі, 15 бөтелке алкогольдік сусын және 30-ға жуық шоколад жоғалған. Осылайша, келтірілген шығын 350 мың теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Тәртіп сақшылары заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Қазіргі уақытта ер адам сот шешімімен қамауға алынды.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру