Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда кәмелетке толмаған жастардың мәселесі талқыланды

Түркістан облысының орталығында республикалық тамыз кеңесінің жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәжіліске 400-ге жуық делагат және Түркістан облысының ПД басшылығы мен жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етті. Бас қосуда әр өңірден келген қонақтарға 30 түрлі баяндама оқылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті. Соның ішінде полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың профилактикасы туралы баяндама жасады.

– Жыл басталғалы жасөспірімдер арасында түрлі қылмыс жасалғанымен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,8% пайызға төмендеген. Дегенмен, қылмыс деңгейі азайып келеді деп қол қусырып отыруға болмайды. Бұл бағытта жұмыс жасау тек полиция мен ұстаздардың міндеті емес. Өйткені тәрбие алдымен отбасынан басталатындығын жақсы білеміз. Сондықтан ата-аналар балаларының кіммен не туралы сөйлесіп жүргенін қатаң қадағалағаны жөн, – деп атап өтті облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Б.Айтпаев жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу үшін бірқатар ұсыныстарын айтты. Статистикалық тұрғыдан қарар болсақ, осы жылдың осы мерзімінде бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 289 қолайсыз отбасы және құқық бұзушылыққа бейім 432 кәмелетке толмаған полицияның есебіне алынған.

Жүргізілген рейдтік шаралар кезінде түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүргені үшін 4287 кәмелетке толмаған анықталып, олардың ата-аналары ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, жауапкершілікке тартылған.

– Басты міндетіміз – қылмысты ашу ғана емес, оның алдын алу, сондай-ақ кез келген анықталған немесе белгілі болған ақпаратты бірден ішкі істер органдарына хабарлау керек, – деді Б. Айтпаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру