Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері СҚО тұрғынына жоғалған әмиянын тауып берді

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ақмола полицейлеріне жоғалған әмиянын тауып бергені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Қуаныш Сиражиден мен Төлеген Сабырғали жоғалған мүлікті облыс орталығының тұрғынына қайтарып берді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің атына СҚО тұрғыны алғыс сөздерімен хат жолдады.

18 тамызда хаттың авторы Көкшетау қаласына барып, дәріханаға қажеттілікке байланысты тоқтағаны туралы жазған. Көліктен шыққан кезде ер адам әмиянын түсіріп алған, оның жоғалтқанын түсініп, «102» нөміріне қоңырау шалған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу барып, полицейлер ықтимал куәгерлерден сұхбат алып, бейнебақылау жазбаларын зерттеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде әмиянды алған белгісіз автокөлік жүргізушісін анықтап, оның Көкшетау – Астана тас жолына бет бұрғанын білді. Полиция қызметкерлері әмиянды тапқан жүргізушімен байланысып, ол қалаға оралғаннан кейін, мүлікті иесіне қайтарып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру