Алматы академиясы 31 мың оқушыға тематикалық түрлі түсті бояу кітапшаларын таратты
31 мың алматылық оқушы Алматы академиясынан тематикалық түрлі түсті бояу кітапшаларын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы академиясының полицейлері қалалық полиция департаментімен және Freedom Holding Corp.-пен бірлесіп, «Балалар және полиция» кең көлемді акциясын ұйымдастырды. Оның барысында олар 200 мектепке барып, қауіпсіздік сабақтарын өткізді.
Тәртіп сақшылары 1 қыркүйекке арналған салтанатты шараға қатысып, оқушыларды құттықтады. Аталмыш акция ішкі істер министрінің қолдауымен өткізілді. 31 мыңнан астам оқушыға полиция тақырыбындағы бояу кітапшалары таратылды.
– Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік салаларында бала тәрбиесі мәселесі өте маңызды және біздің алдымызға қойылған басты мақсаттардың бірі. Біз балалардың полиция оның досы және қорғаушысы екенін білсе дейміз. Полицейлерден көмек және кеңес сұрауға болатынын айтқымыз келеді, – дейді ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков.
Полицейлер сондай-ақ жолдан дұрыс өту, бейтаныс адамдармен қалай сөйлесу керек, төтенше жағдайлар кездегі әрекеттер жайында түсіндірді. ІІМ Алматы академиясымен ұйымдастырылған акция балалар үшін қызық әрі маңызды болды.