Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысындағы кафелердің бірінде ұйықтап қалған тұрғынның телефоны ұрланды

Ақмола облысындағы кафелердің бірінде ұйықтап қалған тұрғынның телефоны ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Өтініш берушінің айтуы бойынша, 2 қыркүйек күні таңғы сағат 4 шамасында қаланың кафелерінің бірінде белгісіз адам өзіне тиесілі Xiaomi 12Х телефонын ұрлатып алған. Залал сомасы 350 мың теңгені құрады.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, бір күн бұрын ол танысын пойызға шығарып салғаннан кейін, кафеге кіріп, ішімдік ішіп, ұйықтап қалған. Оянған кезде оның мобильді құрылғысы ұрланғанын білді.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері мекемеде орналасқан камера жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қатысуы тексеріліп жатқан тұлға анықталды. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заттай дәлел тәркіленді.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру