Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны ауыл дүкендерінің бірінен ақша ұрлаған

Павлодар облысының тұрғыны ауыл дүкендерінің бірінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полициясына 33 жастағы ер адам оның мүлкін ұрлағаны туралы жазбаша өтініш білдірді. Белгісіз адам Ағашорын ауылындағы дүкенге заңсыз кіріп, 383 мың теңге қаражатын қаражатын, сондай-ақ 26 130 мың  теңге сомасында алкогольдік ішімдіктер мен азық-түлік өнімдерін ұрлап кеткені анықталды. Залалдың жалпы сомасы 409 мың теңгеден астам.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Тергеу барысында сол күні полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен 43 жастағы ауыл тұрғынын анықтады. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы қабылданды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес  адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру