Павлодар облысында балық аулау ережелерін бұзған мас тұрғынға айыппұл салынды
Павлодар облысында балық аулау ережелерін бұзған мас тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Павлодар облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
10 күн ішінде полицейлер басқа табиғат қорғау органдарының қатысуымен 72 рейдтік іс-шара өткізді. Аңшылық-балық аулау шаруашылықтарының аумағында 87 аңшы мен балықшы тексерілді. Нәтижесінде полицейлер 30 әкімшілік және 3 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.
Мысалы, 3 қыркүйекте Крест көліндегі Ертіс өзенінің жайылмасында Павлодар ауданының тұрғыны балық аулауды жүзеге асыру кезінде спирттік ішімдіктерді ішіп, сол арқылы балық аулаудың белгіленген ережелерін бұзған. Ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.