Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған есептегі азамат қамауға алынды
Түркістанда заңды қаскөйлікпен бұзған есептегі азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың қайта қылмыс жасамауы үшін профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Десек те, өзіне сот жүктеген міндетті орындамай заңды өрескел бұзатындар да кездесіп жатады.
2022 жылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Дүйсенбай Түркістан қалалық соты бойынша пробация есебіне алынған болатын. Өзіне берілген осындай аз мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай, профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмай, сондай-ақ ішімдік ішіп әкімшілік жазаға да тартылған.
– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шараға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, есептегі азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Абдуали Мұхамбетқалиев.