Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте сотталған туысына телефон жеткізбек болған бикеш анықталды

Шымкентте сотталған туысына телефон жеткізбек болған бикеш анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да, тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр. Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №54 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің қызметкерлері туысқанына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматшаны ұстады.

Анықталғандай Шымкент қаласының Айзере есімді тұрғыны өзінің жазасын өтеп отырған туысына, яғни сотталғанға тыйым салынған заттарды сәлемдемеге жасырып салып келген. Ол сәлемдеме ретінде аяқ киім тазалағыштың ішіне үш телефон жасырып, өткізбекші болған. Алайда тексеру тобы мамандарының жіті тексеруі барысында аталған тыйым салынған заттар табылып, тəркіленген.

Қазіргі таңда ҚР ƏҚБтК-нің 481-бабына сай іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру