Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: Атырауда мемлекет пайдасына 3 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

Атырауда “Борышкер” ЖПІШ аясында мемлекет пайдасына 3 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында 30 мамыр және 18 маусым күндері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген автокөліктер көбеюіне байланысты “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау.

Рейдтік шара басталғалы полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп атқарған жұмыс барысында айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 294 автокөлік жүргізушіні, борышкерді анықтады. Көліктер айыппұл тұрақтарына жеткізілді.

Одан бөлек, учаскелік полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп 404 борышкердің мекенжайларын аралау барысында әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 218 тұрғын анықталып, барлығы 3 млн 381 240 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру