Жамбыл облысында екі адам сатушыға жалған чек көрсетіп, тауарларды тегін алып отырған
Жамбыл облысында екі адам сатушыға жалған чек көрсетіп, тауарларды тегін алып отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азық-түлік дүкенінің иесі полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленуші бір ай бойы екі жігіттің тауар сатып алып, жалған төлем чектерін ұсынып тұрғаны туралы хабарлады. Құқық бұзушылар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, алушының аты-жөні мен төлем сомасын енгізіп, дүкен шотына ақша аударылғаны туралы чектерді қолдан жасаған. Осыдан кейін жігіттер сатушыға жалған түбіртекті көрсеткен. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 110 мың теңгені құрады.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыстың 19 және 20 жастағы екі тұрғынын анықтады. Ұсталғандар өз кінәларын толықтай мойындады. Қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды.