Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны қарыз берушілердің алдында ақталмақ болып, полицияға жалған хабарлама берген

Алматы тұрғыны қарыз берушілердің алдында ақталмақ болып, полицияға жалған хабарлама берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай алдау әдісін 35 жастағы С.есімді азамат жасаған. Ол түнгі 03:00 шамасында полицияға хабарласып, жеке такси қызметін жасап жүргенінде оған шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, белгісіз екі адам оның көлігінде жолаушылардың атын жамылып, физикалық күш қолданып, ірі көлемдегі ақша салынған пакетті алып кеткен.

– Бұл қылмысты ашу барысында жедел тергеу тобы жәбірленушінің айғақтарындағы сәйкессіздіктерге назар аударған. Азамат деректерді айтарда жиі шатасқан және алғашқы тергеу әрекеттері кезінде қатты қобалжыған. Қарақшылық шабуыл болмағаны белгілі болды. С.есімді азамат қарызы бар таныстарының алдында өзін ақтау үшін ойлап тапқан. Бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Жалған хабарлама жасағаны үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 419-бабының талаптарында көзделген. Қазіргі таңда бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. С.есімді азамат өз кінәсін мойындады, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Зухраб Мырзағали.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру