Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері Глубокое ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол тиісті құжаттары жоқ Иж-5 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықпен қабанды атып өлтірген.

Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған баптың ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру