Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды
Жетісу облысында елік атқан браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл дерек Алакөл ауданында тіркелді, онда жергілікті полиция қызметкерлері «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп Жыланды ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамның көлігінен құқық қорғау органдары екі еліктің тұтас етін тапты. Ұсталған адам жабайы жануарларды атуға қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Осыған байланысты ол аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
– Жануарлардың тұтас еттері тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Факт бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабында (Заңсыз аңшылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының басшысы Бағлан Рымжанов.
Жыл басынан бері облыста 606 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталып, тіркелген. Анықталған фактілер бойынша 28 қылмыстық іс қозғалды.