Ақмола полицейлері жоғалған жасөспірім қыздың орналасқан жерін анықтады
Ақмола полицейлері жоғалған жасөспірім қыздың орналасқан жерін анықтады, ол құрбысымен бірге Алматы қаласына кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының полицейлері 15 жастағы Қоянды ауылының хабар-ошарсыз кеткен тұрғынын тапты. Бұған дейін жасөспірімнің мұғалімі заңды өкілдерге кәмелетке толмаған оқушының сабаққа келмей жүргені туралы хабарлаған.
10 қазан күні қыздың анасы өзінің сәтсіз іздеуінен кейін Целиноград ауданының полиция бөліміне оның орналасқан жерін анықтауға жәрдемдесу туралы өтініш жасады.
Кәмелетке толмағандарды іздеуге жергілікті полиция қызметі, ювеналды және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу бағытталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған қыздың әлеуметтік шеңберімен мұқият жүргізілген жұмыстың арқасында полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтады.
Кәмелетке толамаған қыз, елордада тұратын құрбысымен бірге Алматы қаласына барғаны белгілі болды. Жасөспірімге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.