Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада техникалық қызмет көрсету станциясына ұрлыққа түскендер анықталды

Елордада техникалық қызмет көрсету станциясына ұрлыққа түскендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 35 пен 44 жастағы елордалық азаматтарды анықтады.

Тергеу барысында ер адамдардың түнгі сағат 04:00 шамасында сол жақ жағалаудағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне келгені белгілі болды. Қаскүнемдер қылмыстық оймен жан-жағына мұқият қарап, маңайында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң кілттерді сәйкестендіру арқылы үй-жайдың есігін ашып, ішке кірген. Ол жерден екі кілт жинағы мен көлік фарасын жылтыратуға арналған химиялық құрылғыны алып кеткен. Осылайша 255 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамдар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру