Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан

Астанада такси жүргізушісі ипотекалық несие алуға көмектесемін деп тұрғынды алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл ауданының жедел уәкілдері 48 жастағы такси жүргізушісін ұстады. Оның қала тұрғынынан 2 миллион теңгеден астам қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол сапар барысында такси жүргізушісімен сөйлесіп, ипотека алудағы мәселесін айтқан. Әңгімелесе келе жолаушының сеніміне кірген ер адам банктердегі байланысын алға тартып, баспана алуға көмектесуді ұсынған. Содан бейтаныс жігіттің сөзіне сенген әйел оған көп мөлшерде ақша ұсынғаны белгілі болған.

Ұсталған ер адам алаяқтық жасағанын мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай ақ оның елордада осыған ұқсас басқа да қылмысқа ққатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру