Ақсуда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды
Ақсуда жол апаты салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қазанда Ақсу қаласы, Ленин көшесінде ВАЗ-21074 автокөлігінің жүргізушісі, Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кетті.
– ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кетті. «Ұстап алу» жоспары енгізілді. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сол күні Екібастұз қаласында сағат 22:30-да Абай көшесімен келе жатқан Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісі 27 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өтті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.