СҚО полицейлері ұлттық мереке күні күшейтілген жұмыс режимінде қызмет етеді
СҚО полицейлері ұлттық мереке күні күшейтілген жұмыс режимінде қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері Республика күнін жеке құрамның гарнизондық жиналуынан бастады. Таңғы сағат 08:00-ден бастап 200-ге жуық сыртқы бөлімше қызметкері Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі-Петропавл қалалық ПБ-ның шеруіне шықты.
СҚО ПД мәдени орталығы оркестрінің шеруінің сүйемелдеуімен ту тобы полиция департаментінің туын көтерді, содан соң оркестр мен жеке құрам Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады.
Тәртіп сақшыларына жүгінген облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев әрбір қазақстандық үшін республика күнінің маңыздылығын еске салды.
Облыс тұрғындары мен қонақтары мерекені тыныш қарсы алуы үшін полицейлер бұл күнді күшейтілген жұмыс режимінде өткізеді. Қоғамдық орындардағы адамдардың қауіпсіздігіне баса назар аударылып, патрульдеу күшейтілді. Барлық сыртқы қызметтер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады.
Жиналыс аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері шерудің дыбысымен қызмет атқару орындарына тарады.