Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есептегі сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында тренинг өткізілді

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қарғалы аудандық пробация қызметі Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған азаматтар үшін бірқатар мәселелерді қамтыған ауқымды іс- шара ұйымдастырды.

Іс- шарада Бадамша мектеп бөбекжай-бақшасының психолог маманы пробация есебінде тұрған сотталғандарға жақсы көңіл-күй сыйлау, сергіту және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында тренинг өткізді. Сонымен қатар аудандық мешіттің бас имамы есепте тұрғандармен «Зайырлық және жоғары руханият дәстүрлі таным негізі» тақырыбында сұхбат жүргізіп, дінге қатысты қойылған сауалдарға жауап берді.

Ал Қарғалы ауданының мансап орталығының маманы жұмысқа орналасу жөнінде ақпараттар беріп, пробация есебіндегі азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде есепте тұрған бір сотталған ақылы қоғамдық жұмысқа тұруға жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру