Қостанай облысының полицейлері жол және коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығын тексерді
Қостанай облысының полицейлері жол және коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңге дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда суық ауа райы басталғанға дейін полицейлер коммуналдық қызметтердің дайындық деңгейін тексереріп жатыр. 7 қарашада «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ базасында бірнеше ондаған арнайы техника тізбектеліп қойылды.
Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев атап өткендей, Қостанай облысының автожолдарында жол қауіпсіздігін және көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қостанай облысының ПД қызметкерлері жол техникасының қысқы кезеңге дайындығын тексерді.
Гараждар, жылы тұрақтар, көктайғаққа қарсы материалдар мен жылыту пункттерін сақтауға арналған қоймалар тексерілді.
– Ауа райының өзгеруіне жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік жүзеге асырылып жатыр. Қалың қар жауып, көктайғақ болған жағдайда біз жолдарға 72 бірлік арнайы техниканы шығаруға дайынбыз. Қазірдің өзінде 4300 текше метрден астам құм/қиыршық тас қоспасы мен 2700 тоннадан астам тұз дайындалды, – деді «Қазавтожол «ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват.
Ведомство қыс мезгілінде жол-көлік оқиғасының тіркелу себептерінің бірі – жолдағы қардың басылып қалуы екенін атап өтті. Жүргізушілер қазірдің өзінде көлігінің резеңкесін қысқыға ауыстыру жұмыстарын жүргізу керек.