Көліктен телефон ұрлаған елордалық азаматтың ісі камераға түсіп қалды
Көліктен телефон ұрлаған елордалық азаматтың ісі камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 48 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ер адам Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта Абай даңғылының бойымен кетіп бара жатып тұрақта тұрған JAC N35 автокөлігін байқаған. Қылмыстық оймен көлікке жақын барып, есігін тартып көрген. Машинаның ашық тұрғанын түсінген ер адам, ойланбастан салоннан Samsung Calaxy А13 телефонын ұрлап кеткен. Ер адамның бұл іс-әрекеті көшедегі бейнебақылауға түсіп қалған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта аталған тұлғаның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.