Ақмола оқушылары мен студенттері полицейлерге көмек көрсеткендері үшін марапатталды
Ақмола оқушылары мен студенттері полицейлерге көмек көрсеткендері үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау мектебінің 100-ге жуық оқушысы полицейлердің қонағы болды. Құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыс шеңберінде балалар үшін арнайы таныстыру акциясын ұйымдастырды: қызметтік автокөлікті, қаруды, жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін, арнайы бөлімшенің жауынгерлерін даярлауды және криминалист-сарапшылардың қызметінің ерекшелігін көрсетті.
Әкімшілік ғимараттың шеру алаңында қонақтарға қызмет бабында кездесетін түрлі жағдайлар бойынша қойылымдар көрсетілді. Осылайша, жарты сағаттың ішінде жасөспірімдер полиция мамандығының жан-жақтылығы мен күрделілігін көре алды.
Акция аясында қатысушылар қызметтің қазіргі жағдайымен ғана емес, сонымен қатар ведомстволық мұражайдың экспозициялық залдарына бару арқылы департаменттің қалыптасу тарихы туралы біле алды.
Іс-шара құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан оқушылар мен студенттерді марапаттау рәсімімен аяқталды.
«Доброе сердце » қоғамдық қорының еріктілері Көкшетау қаласындағы № 12 орта мектебінің 9 «Г» сынып оқушысы Ева Герасимова және колледж студенттері Темірлан Смағұлов пен Темірлан Нұрқанов департамент бастығы Н.М. Мұқашевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Жасына қарамастан, балалар жоғалып кеткен адамдарды іздеуде үлкен тәжірибеге ие және Красный Яр ауылының жоғалған тұрғынының орналасқан жерін өз бетінше анықтады.
Еріктіліктен басқа, ақмолалық оқушылар «полицияның жас көмекшісі» және «жол қозғалысының жас инспекторы» отрядтарының белсенді мүшелері. Оқушылар полиция жүргізетін профилактикалық іс-шараларға қатысып, мектеп қабырғасындағы тәртіпті бақылайды. Мұндай белсенді қызмет аға әріптестерінің де назарынан тыс қалмады: полицейлер жас көмекшілерге алғыс хаттар табыс етті.
Іс-шара полиция департаментінің шығармашылық ұжымының орындауындағы концерттік бағдарламамен аяқталды.