Атырауда учаскелік полиция инспекторларына «ОДАРА» әдісі бойынша жиын өткізілді
Атырауда учаскелік полиция инспекторларына «ОДАРА» әдісі бойынша жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы 30 маусым күні IIМ алқасында учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыруға басқа назар аудара отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды кешенді қайта форматтау жөнінде шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын.
Осы орайда, 13 қараша күні Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Райса Айтжанова Атырау қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларына «ОДАРА» әдісі бойынша жиын өткізді.
«ОДАРА» – Канада, Онтарио қаласында әзірленген тұрмыстық зорлық- зомбылық тәуекелін бағалаудың халықаралық құралы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты бағалаудың бұл құралы агрессорларда қайталанатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің қаупін болжауға мүмкіндік беретінін айтып түсіндіріп, жиын барысында учаскелік полиция инспекторлары тарапынан сұрақтар қойылды.
Жиын соңында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың дәрежесін бағалау үшін «ОДАРА» әдісі бойынша арнайы әзірленген алгоритм мен сауалнамалар таратылып, жұмыс жасау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.