Қостанай облысында 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсыру акциясына қатысты
Қостанай облысында 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсыру акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» өтіп жатыр. Профилактикалық іс-шара аясында 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсыру акциясына қатысты.
Қостанай облысы ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Мақсут Ералиевтің айтуынша, көптеген қызметкерлер – тұрақты қан донорлары. Жол-көлік оқиғасының құрбандары үшін қорлар осылай қалыптасады.
Мысалы жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері Айнұр Рамазанованың қаны сирек кездесетін төртінші топқа ие. Ол тұрақты донорлар тізімінде және тек акциялар аясында ғана емес, сонымен қатар шұғыл қажет болған кезде де қан тапсырады.
– Мен үшін мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. ЖКО кезіңде жиі шұғыл түрде қан керек болып жатады. Ал қажетті топтағы қан қорда болмай жатады, – деп атап өтті Айнұр Рамазанова.
Жыл басынан бері облыс жолдарында 370 ЖКО орын алып, 510 адам зардап шекті. Сондықтан жүргізушілердің жолдарда мұқият болуы және қырағылығын жоғалтпауы өте маңызды.
Қостанай облысының ПД өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы жұртшылықты жолдардағы апаттық және әсіресе балалар жарақаттануы проблемаларына тартуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың кең спектрін өткізумен байланысты екенін атап өтті.