Атыраулық полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті
Атыраулық полицейлер мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлық – бұл адамның денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.
Бүгінде қоғам есірткі заттарының таралуымен және олардың заңсыз айналымымен белсенді күресуде, сондай-ақ нашақорлықпен байланысты қылмыстарды алдын алу жолдары қарастырылуда. Осы ретте 16 қараша күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева және Атырау қалалық полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы Мейірбек Ислямов Н.Боранбаев атындағы орта мектепте жүзден астам оқушыға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді.
Шараның мақсаты – есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу, жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату.
Қазіргі кезде мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шара өткізіліп жатыр. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.