Жетісу ПД бастығы қызметтік міндетін орындау барысында зардап шеккен полицейге барды
Жетісу ПД бастығы қызметтік міндетін орындау барысында зардап шеккен полицейге барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полициясының басшысы Арман Саданов қызметтік міндеттерін атқару кезінде оқ жарақатын алған арнайы бөлімшенің қызметкеріне барды. Абылай Ақбаев өткен жылы арнайы операция кезінде ауыр жарақат алды. Алынған жарақаттың нәтижесінде ол ұзақ уақыт емделіп жатыр.
Қазір Абылай емдеу курсынан өтіп, денсаулығын қалпына келтіріп жатыр.
– Облыстық департаменттің барлық ұжымынан Абылайға азаматтардың тыныштығын қорғауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге деген адалдығы үшін зор алғысымызды білдіреміз. Оған шынайы патриотизм мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеген ата-анасына ерекше рақмет айтқым келеді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз әрқашан қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Жетісу полициясының басшысы Арман Саданов.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 818 қызметкер қаза тауып, 4634 адам жарақат алды. Олардың көпшілігі елге абыроймен қызмет етіп, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете отырып, өте жас өмірден өтті. Батырлардың кәсіби қасиеттері, ант пен таңдалған өмір жолына адалдығы құрметке ие.