Өскеменде жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі қамауға алынды
Өскеменде жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында ұстаған. Өскемен көшелерін патрульдеу кезінде Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шетелдік нөмірлі Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында көлік құралындағы мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екендігі анықталды.
24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімі бойынша жүргізуші бір тәулікке қамауға алынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта көлік айып тұраққа қойылды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.