Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналаспақ болған Атырау тұрғыны алаяққа алданып қалды

Жұмысқа орналаспақ Атырау тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері алаяқтық жолмен жұмысқа орналастырып беремін деп адамдарды алдаған 33 жастағы күдіктіні анықтады. Тексеру жұмыстары кезінде күдікті Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы Denholm Zholdas мекемесіне жұмысқа орналастыратыны жөнінде жалған жарнама берген.

Аталған жарнама бойынша 53 жастағы азамат Whatsapp желісі арқылы хат алмасып, жұмысқа орналасу үшін алдын ала төлем ретінде күдікті жіберген белгісіз нөмірге тіркелген Kaspi Gold қосымшасына 500 мың және 300 мың теңге көлемінде ақша аударымын жасаған. Жәбірленушіге 800 мың теңге материалдық шығын келген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру