ШҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде қылмыстың алдын алу бойынша ЖПІШ өткізілді
ШҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде қылмыстың алдын алу бойынша ЖПІШ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімшесі есебінде тұрған тұлғалардың қайталама қылмыстарды жасауының және қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел профилактикалық іс шара өткізілді. Пробация қызметінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген іс-шаралары өткізілді.
– Бұл қызмет өткерудің күшейтілген нысанға ауыстыру іс-шарасының басты мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау, сонымен қатар әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеруді жүзеге асыру. Іс-шара кезінде Солжағалау аудандық пробация қызметі қызметкерлері, сонымен қатар Өскемен қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері барынша жұмылдырды. Күшейтілген қызмет барысында пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар күндізгі және кешкі уақытта тұрғылықты жерлерінен, сонымен қатар жұмыс орындарынан тексеріліп, барлық аудан бойынша көңіл көтеруге арналған орындарда, қоғамдық орындарда есепте тұрған сотталғандар тарапынан қайталама қылмысқа жол берілмеуі қатаң бақылауда болды, – деді пробация қызметінің аға инспекторы Каим Ожиканов .