Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер автотұрақ ережелерін бұзған 20-дан астам жүргізушіні жауапқа тартты

Алматылық полицейлер автотұрақ ережелерін бұзған 20-дан астам жүргізушіні жауапқа тартты, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері Розыбакиев көшесінің бойында мақсатты рейдтер жүргізді.
Автотұрақ ережесін бұзған 20-дан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

– Осы күндері қалада жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қозғалысы қауіпсіздігін алдын алу мақсатында, көлік құралдарын қою ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Алматы сияқты үлкен қала үшін бұл өте өзекті мәселе. Бүгінде Алматыда ресми түрде 550 мыңнан астам көлік тіркелген. Сонымен қатар қала жолдарында күніне 300 мыңға жуық транзиттік көлік жүреді. Жалпы, шара басталғаннан бастап 20 қарашадан бері көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы) 532 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, олардың 100-ден астамы мүгедектер үшін бөлінген орындарда көлік құралдарын тұраққа қою немесе тоқтау ережелерін бұзғаны үшін, – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Орла Ахимов.

Сондай-ақ бүгінгі күні алдыңғы саптағы бөлімшелердің қызметкерлері автобустардың жүруін қиындатып, жаппай көлік кептелісін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық көлік аялдамаларында тоқтау мен көліктерді қою сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтап, жойып жатқаны хабарланды.

Полицейлер бұл іс-шара жүргізуші тәртібі мен көлік жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізетініне сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру