Абай облысының полицейлері тұманда жоғалып кеткен шопан мен малын іздеп тапты
Абай облысының полицейлері тұманда жоғалып кеткен шопан мен малын іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қарашада ауыл тұрғыны Жарма ауданының полициясына хабарласып, оның қызметкері 260 бас малмен жоғалып кеткенін хабарлады.
Полицейлер шұғыл шаралар қабылдады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары тек Жарма ауданында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздестіру шараларын жүзеге асырды.
Нәтижесінде таңертең сағат 09:00 шамасында 43 жастағы ер адам жұмыс істейтін шаруашылықтан 15 шақырым жерде табылды.
Белгілі болғандай, мал айдау кезінде ер адам тұманға түсіп, бағыттан адасқан.
– Уақыт бізге қарсы ойнады, түнде көшеде, әсіресе далада суық болғандықтан, шұғыл түрде ер адамды тауып, үйіне аман-есен қайтару керек болды, – деп бөлісті Кезенсу елді мекенінің учаскелік полиция инспекторы Бағдатбек Омаров.
– Барлығы ер адамның далада қатып қалуы мүмкін деп алаңдады, іздеу топтары барлық аудандарды аралап, тек таңертең тірі адамды тапқаннан кейін, қатты қуанды, – деді учаскелік полиция қызметкері.