Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы: Алматыда іздеуде жүрген 38 қылмыскер құрықталды

Алматыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысынд іздеуде жүрген 38 қылмыскер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының 10 күнінде «ізін суытпай» 316 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 144 қылмыстың беті ашылды.

– Іс-шара кезеңінде құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын күшейтуге, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, бұзақылық, мүліктік залал, ұсақ бұзақылық, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесуге баса назар аударылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Іс-шара басталғалы полиция бөлімшелері заңсыз айналымнан 10 атыс қаруы мен 4 суық қаруды тәркіледі. 14716 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді, оның 210-ы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты болған. Сондай-ақ 2 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау, 500-ден астам тыныштықты бұзу, 1,5 мыңнан астам қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 900-ге жуық қоғамдық орындарда темекі шегу деректерінің жолы кесілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру