Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясы астаналық тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді

Шымкент полициясы астаналық тұрғынның жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші аудандық полиция басқармасына Астана қаласының тұрғыны телефонын жоғалтып алғаны туралы арызбен жүгінді. Ұзақ жолдан келген әйел туыстарының үйіне жеткенде смартфонының жоғалғанын біліп, бірден полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жедел-басқару орталығының бейнекамералары арқылы қала қонағы отырған такси көлігін анықтады. Кейін жүргізушімен байланыс орнатып, ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, 41 жастағы әйел бағалы гаджетін абайсызда таксиде түсіріп алған. Өз кезегінде азаматша Еңбекші АПБ-ның анықтаушысы Мұқағали Есенбекке жедел әлі нәтижелі қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру