Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО әкімшілік полицейлері автожолдар мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді

СҚО әкімшілік полицейлері автожолдар мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автомобиль жолдарындағы қауіпсіз қозғалыс үшін жағдай жасау – әкімшілік полиция бөліністерінің міндеттерінің бірі. Қыс басталысымен жол қызметтері жұмыстарын күшейтті. Олардың қызметін бақылау және қадағалау – әкімшілік полиция басқармасының құзіретінде.

Солтүстік Қазақстан облысы ішіндегі және елді мекендердегі көше-жол желісін күтіп ұстау жұмыстарына 500-ге жуық техника жұмылдырылады. Қыс басталғалы әкімшілік полицейлер жол және коммуналдық органдардың өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне 160 тексеру жүргізді. Оның барысында жол қозғалысының қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін 65 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 54 ұйғарым беріліп, жолдарды күтіп ұстауға жауапты 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қар жауған соң жол қызметтері бірден тиісті жұмыстар жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар жіберілді.

СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қаланы қардан тазартатын техникаларға кедергі келтірмес үшін, жүргізушілерден автокөліктерді жол жиегіне қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру