Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол жиегінде қалып қойған отбасы көмек көрсеткен ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді

Жол жиегінде қалып қойған отбасы көмек көрсеткен ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тұлпар-12” экипажының құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Талғат Ауғанов пен Азат Ысқақов Щучинск – Бурабай автожолының 2-шақырымында жол жиегінде тұрған Toyota Camry көлігін байқап, не болғанын білу үшін дереу тоқтады.

Жүргізушінің айтуынша, отбасымен Бурабай курорттық аймағына демалуға барған, алайда СҚО тұрғынының көлігінің бензин сорғысы істен шыққан. Айта кету керек, салонда жұбайынан басқа екі жас бала болған. Тәртіп сақшылары ойланбастан отбасын “Жайлы” демалыс үйіне апарған, сондай-ақ келесі күні сынған көлікті жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына апаратын эвакуаторды табуға көмектесті.

– Щучинск қаласы жол полициясы қызметкерлеріне, атап айтқанда Талғат Ауғанов пен Азат Ысқақовқа үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілейміз, – деп отбасы осындай алғыс сөздерімен жүгінді.

– Біз отбасының кейінірек өз үйіне аман-есен жеткенін білдік. Және де бұл тек қана бір жағдай. Адамдар қатты аязға немесе боранға көмекке мұқтаж болатын жағдайлар өте көп. Сол себепті біз, барлық әріптестеріміз сияқты, әрқашан қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталғанбыз, – деп атап өтті Азат Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру