Ақтөбеде ҚАЖД қызметкерлері мен сала ардагерлері волейболдан сайысқа түсті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті және департаментке бағынысты №9 мекемесінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Волейболдан өткен ашық турнирде ҚАЖ департаментіне бағынысты №8, №9 және №70 мекемелерінің қызметкерлері мен сала ардагерлері бақ сынасты.
Турнирді салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Бұдан кейін сөз алған турнир қонақтары: Ақтөбе заң институтының «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының мүшесі Валерий Синяков және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагерлер қоғамының төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов құттықтау сөздерін жолдады.
Барлығы 5 команда қатысып, тартысты өткен турнирде 3 орынды №70 мекемесінің қызметкерлерінен құралған команда қанжығасына байласа, 2 орынға Ақтөбе облысының ҚАЖ ардагерлері командасы ие болды. Ал турнирдің жеңімпазы болып, бас жүлдені №9 мекемесінің қызметкерлері жеңіп алды.
Турнирдің жүлдегерлері мен жеңімпаздары ұйымдастырушылардың атынан грамоталар, медальдар жане кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар әр команданың үздік бір ойыншысы арнайы сыйлықтармен марапатталды.