Павлодар облысында 61 жастағы азамат сым ұрлаған
Павлодар облысында бұрын электрик болып жұмыс істеген 61 жастағы азамат сым ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ертіс ауданының полициясына аудандық электр станциясының бастығынан электр беру желілерінің тіректерінен ұзындығы 5888 метр алюминий сымдарын ұрлау туралы өтініш келіп түсті. Зиян сомасы 154 мың теңгеден асты. Ұрлық 12-16 қараша аралығында болғандығы анықталды.
– Учаскелік полиция инспекторы Александр Нұрмағамбетов пен жедел қызметкерлердің жедел жұмысының арқасында ұрлық ашылды. Күдікті Қызылжар ауылының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам жас кезінде электрик болып жұмыс істеген және электр желілерінің тіректеріне көтерілу үшін қолындағы құрылғыларды пайдаланып, тіректерге көтеріліп, 46 аралықтан сымдарды кесіп алған. Ер адам ұрлаған мүлікті қираған үйдің қирандыларының астына жасырған, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес «Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі».