Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тонаудың екі дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды

Астанада тонаудың екі дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті екі күннің өзінде екі тонау фактісіне қатысты болғаны анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын, тонау үшін сотталған қылмысқа қатысы бар 40 жастағы қаланың тұрғынын құрықтаған.

Тергеу барысында оның кешкі уақытта Балқантау көшесіндегі қонақ үйдің жанында жүргенде өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, OnePlus Nord N20 телефоны мен коньяк бөтелкесін алып кеткені белгілі болған. 

Келесі күні ол түнгі уақытта ЖШС салынып жатқан объектінің аумағында, күзетшіні ұрып-соғып, дәнекерлеу аппараты мен екі жылу құрылғысын алып кеткен. Анықталғандай ер адамның сол құрылыс объектісінде бір апта бұрын жұмыс істеген.Қарақшыны ұстау үшін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде ұсталған. Ер адам тонау жасағанын мойындады және ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес, қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс бойынша айыпталушыға мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру