Жетісу облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды
Жетісу облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысы, Ақсу ауданында үш автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан екі медицина қызметкері зардап шекті. Жол апатын тексерумен аудандық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.
ЖКО Алматы – Өскемен автожолының 337 шақырымында болды, онда Mazda-626 жеңіл автокөлігі, КамАЗ жүк көлігі және JAC көлігі (жедел жәрдем көлігі) соқтығысты. Жол апатынан екі дәрігер зардап шекті, олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бірі кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Автокөліктер арнайы автотұраққа орналастырылған. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.
Аймақ полициясы автокөлік жүргізушілеріне ауа-райының нашарлауы туралы ескертеді және көлік жолдарында аса сақ болуды сұрайды. Облыс аумағында соңғы бірнеше күнде қар, боран және көктайғақ орын алады.