Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер қызметтік иттің көмегімен шетелдіктің аяқкиімінен гашиш тапты

Түркістан облысында полицейлер қызметтік иттің көмегімен шетелдіктің аяқкиімінен гашиш тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінеЖібек жолы” шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда Ноами атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан  Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені хабарланған. 

Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдіктің аяқ киімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның гашиш есірткісі екені расталды.

Жеке басын анықтау барысында, 51 жастағы ер адам Өзбекстан азаматы болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру