Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей полицейлері асыл тұқымды мысықты ұрлаған күдіктіні анықтады

Абай облысының тұрғыны үй жануарын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әйел өзгенің асыл тұқымды мысығын үйіне алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы кафелердің бірінің иесі полицияға хабарласып, белгісіз адам қала орталығында орналасқан кафе аумағынан британдық мысықты жасырын түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Ұрланған мысық – ер адам үшін отбасының бір бөлігі. Үй жануары кафе аумағында жүрген, олар оны қарап, күтіп баптайтын.

Полиция қызметкерлері үй жануарын ұрлаған күдіктіні қауіпсіздік камералары арқылы анықтады. Күдікті әйел тергеушілерге мысық қатты ұнағандықтан осындай әрекетке барғанын айтқан.

Күдіктіге ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі(Ұрлық) бойынша айып тағылып отыр.

37 жастағы мысық әуесқойы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер британдық мысықты бірден иесіне қайтарды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберінде өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру